Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев университетіне әрі қарай миллиардтар бөліне бере ме

Назарбаев университетіне әрі қарай миллиардтар бөліне бере ме , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 16:42 Сурет: pixabay
Парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов "Бүкіл жоғары оқу орнына берілетін қаржыны Назарбаев университетіне бөліп келдік, бірақ нәтиже қайда" деп сұрақ қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұрат Әбенов өзінің сауалын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қойды. Мысал ретінде ол Назарбаев университетіне 2020 жылы 7 млрд 600 млн, 2021 жылы 7 млрд 21 млн, 2022 жылы 2 млрд 154 млн қаржы бөлінгенін айтты.
"Берген баяндамаларыңызға қарасақ, керемет болашақ болатын сияқты. Дәл осындай нәрсені біз 13 жыл бұрын жасадық. Бір университет үшін, Назарбаев университеті үшін жасадық. Бүкіл қаржыны төктік. Бүкіл университетке беретін қаржыны соларға бөлдік, статусын күшейттік. Ешкім оны тексерген жоқ, қараған жоқ. Қанша уақыт болды, 13 жылда бір нәтиже көріп отырған жоқпыз. Басқа университеттің аузынан жырып алып, осы университетке бердік. Нәтиже жоқ. Халықаралық рейтингтің төртеуін көріп шықтым. Біреуінде де Назарбаев университеті жоқ. Қаржының бәрі қайда кетті? Бұған министрлік бақылау жасай ала ма?", - деп сұрады Мұрат Әбенов.

Депутаттың бұл сауалына Назарбаев университетінің ғылыми әкімшілік директоры Асанбай Жұмабеков жауап берді.

"Бүгінде Назарбаев университеті Ауылдық университеттерді дамыту бағдарламасынан және демеушілерден қаржыландырылатын 300-ден астам ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асырып отыр. 2020 жылдан бастап университетте қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының қатысуы міндетті болатын жеке бірлескен ғылыми бағдарлама жүзеге асып жатыр. Бүгінде біз 34 қазақстандық жоғары оқу орнының қатысуымен 75 жобаны қаржыландырамыз. Біз сіздерге жобаларымызды, бағдарламаларымызды және нәтижемізді көрсетуге қуаныштымыз, күтеміз", - деді Асанбай Жұмабеков.
Депутаттың сауалына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те жауап берді. Ол Назарбаев университетінің бөлек заңы бар екенін, оны бақылау үшін заңды бұзу қажет екенін айтты. 
"Назарбаев Университеті жеке заңмен реттеледі. Оның жүйесі өте күрделі. Мұны мен жақында ғана түсіндім. Үш бірдей қамқоршы кеңес бар. Назарбаев қоры, Назарбаев мектептері бар, университеттің өзі бөлек. Мен министр болғандықтан сол кеңестің мүшесі емеспін. Мен министрліктің министрімін, өзіңіз білесіз. Мені кіргізу үшін заңды бұзу керек. Үкімет деңгейінде қазір сол заңға тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Күрделі процесс. Сондықтан Мұрат Әбенов сізбен келісемін. Шынымен де қомақты қаржы бөлініп отыр. Былай қарасаңыз, жоғары білім саласының үлкен даму бюджеті бір университетке беріліп отыр. Біздің көкейімізде "Осы 13 жылда берілген бюджетті жоғарғы оқу орындарына бергенде қандай нәтиже болушы еді?" деген де сұрақ бар. Сондықтан заң өзгерген жағдайда біз ақырындап бақылай аламыз", - деп жауап берді министр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: