Жаңалықтар тізбегі
0

Бірқатар мемлекеттің басшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 19:37 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко және БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян телефон арқылы құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, достас Қазақстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметте оның табысқа жете беруіне тілектестік білдірген.

Сондай-ақ Президент атына шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларынан, парламенттердің спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық құрылымдардың жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми орта өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысының атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Сербия Президенті Александр Вучич, Мажарстан Президенті Каталин Новак, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Болгария Президенті Румен Радев, Албания Президенті Байрам Бегай, Сингапур Президенті Халима Якоб, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин,  ТМБ Бас хатшысы Сергей Лебедев және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және басқа да тұлғалар өздерінің жеделхаттарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірген.

Құттықтау хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: