Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Телефон арқылы әңгімелесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2022 14:00 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, достық және тату көршілік қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін атап өтті. 

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесін қарастырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: