Үкіметте Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті

Отырыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 18:41 Сурет: primeminister.kz
16 мамырда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, салалық ұйымдар, жоғары оқу орындары басшыларының және Парламент депутаттарының қатысуымен Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырысқа қатысушылар ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2023-2025 және 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жоспарлары қаралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: