Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбекмин жұмыс берушілердің сақтандыру шарттарының бар-жоғын жаппай тексереді – фейк

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 19:54 Сурет: pexels
Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде 22 мамырдан бастап жұмыс берушілердің еңбек шарттарын Enbek.kz порталында тіркеуі және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының болуы тексеріледі деген ақпарат тарап жатыр. Алайда ол шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарып, ресми мәлімет таратты.

Бұл ретте ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.

Бүгінгі таңда мұндай шарттарды заңды тұлғалардың жалпы санының 32,5%-ы ғана жасаған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабына сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасаспау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 160 АЕК (552 мың теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК (1 млн 380 мың теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК (3 млн 450 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

"Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мен Ұлттық экономика министрлерінің "Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына 2023 жылдың 2 мамырында өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес профилактикалық тексеруге жататын жұмыс берушілердің тізбесін қалыптастыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады. Автоматтандыруды енгізу бұзушылықтары бар жосықсыз жұмыс берушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте өз қызметін заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын жұмыс берушілер тексеруден өтпейді", делінген хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес профилактикалық бақылау аясында жұмыс берушінің ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасын бұзғанын алғаш анықтаған кезде мемлекеттік еңбек инспекторлары ескерту жасайды және оны жоюға тиісті нұсқама береді, қайта анықтаған кезде – әкімшілік айыппұл салынады.

Бұдан басқа, ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне толықтырулар туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен орналастыруға міндетті (hr.enbek.kz арқылы).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: