Шымкент ТЖД екінші рет жер сілкінуі мүмкін дегенді жоққа шығарды
Сурет: wikimedia
Шымкентте екінші жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
"Қала тұрғындарын үрейленбеуді, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деді ведомствода.
Шымкент төтенше жағдайлар департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
21 наурызда сағат 22.47-де Шымкентте 3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қираған ғиамараттар жоқ.
Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанда болды. Қазақстан бойынша жер сілкінісі Тараз, Алматы, Астана, Қызылорда, Түркістан облыстарында да сезілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript