Қорғаныс министрлігі қазақстандық арнайы жасаққа қатысты жалған ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: Zakon.kz
Шетелдік әлеуметтік желілерде Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілері қатысқан видео тарады. Алайда роликте шет мемлекеттер арасындағы қақтығыс бейнеленген деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тараған ақпарат жалған.
"Көрсетілген кадрларда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілерінің 2026 жылғы 22-25 маусым аралығында Алматы облысындағы "Көктал" полигонында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізген оқу-жаттығу жиыны бейнеленген". Қорғаныс министрлігі
Дезинформацияға қарсы күрес орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланымдарды бөліспес бұрын ақпараттың бастапқы дереккөзін және контекстін тексеруге үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript