ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы НАТО отырысына қатысты – фейк

Қорғаныс министрлігі, түсініктеме, ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы, НАТО отырысы, фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 17:45 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстанның Қарулы күштері Бас штабының бастығы Брюссельде өткен НАТО әскери комитетінің отырысына қатысқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты таратушы автор пікірінше, бұл Астана геосаяси бағытын батысқа қарай өзгертуді жоспарлап отырған-мыс.

Бұл ақпаратқа қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Stopfake.kz сайтына түсініктеме беріп, оның фейк екенін жеткізді. 

"ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының Брюссельде өткен НАТО әскери комитетінің отырысына қатысқаны туралы БАҚ және Telegram-арналарда таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы бұл іс-шараға қатысқан жоқ. Осыған байланысты азаматтардан таратылған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Министрлік қолданыстағы заңнамада көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын да еске салады. 

Бұған дейін параны "эскиздер" деп атаған Қорғаныс министрлігінің шенеунігі 4 жылға сотталғаны хабарланған. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: