Украинаға Қазақстаннан әскери техника жөнелтіледі – ҚР ҚМ ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Telegram-да әскери автомобильдер түсірілген бейнеролик таралып, оның Украинаға кетіп бара жатуы мүмкін екені айтылып жатыр. Алайда ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жасанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
stopfake.kz порталының жазуынша, кадрларда көрсетілген автомобильдер оқу-жаттығуға бар жатыр.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-арнасында және ведомствоның ресми сайтында айтылды.
«Қазақстанның Қарулы күштерінде желтоқсаннан наурызға дейін жалғасатын қысқы оқу кезеңі өтуде. Ол мамандығы бойынша әскери қызметшілерді даярлаудан басталды. Бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауыса отырып, кезең-кезеңімен жауынгерлік үйлестіру және барлық деңгейлерде өзара іс-қимылды пысықтау жүзеге асырылады. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және күштер мен құралдардың тұрақты орналасу пункттерінен оқу-жаттығу полигондарына және кері бағытта қозғалуымен байланысты» – делінген министрлік сайтында жарияланған ақпаратта.
Сондай-ақ ведомсто өкілдері жауынгерлік даярлықтың қарқыны біртіндеп артып келе жатқанын хабарлады. Қысқы оқу кезеңі аяқталғаннан кейін әскери бөлімшелер жекелеген батальондар мен бригадалар ауқымында жауынгерлік оқ атумен тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге кіріспек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript