Алматыда қаңтар оқиғасы бойынша 24 адам шартты түрде сотталды
2022 жылдың 4-5 қаңтары аралығында Алматы қаласының түкпір-түкпірінде 25 сотталушы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, тұрғын, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіріп, аса ірі көлемде ұрлық жасаған. Көліктерді де ұрлаған. Олар қауіпті өндірістік объектінің аумағына, сонымен қатар арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кірген.
Сот олардың алдын ала келісім бойынша атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлағанын анықтады. Сонымен қатар төтенше жағдай жарияланған ауданда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір топ адам алдын ала келісім бойынша мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіріп, мүлкін бүлдірген.
"Рақымшылық заңын қолданумен 20 тұлға 9 айдан 1 жыл, 9 айға дейін шартты түрде сотталды. Рақымшылық заңының қолданылуына байланысты 4 адам жазадан босатылды. 1 адамға қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды", – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Алматыда президент резиденциясына және әкімдікке шабуыл жасады деген айыппен азамат қайтыс болғаннан кейін сотталған еді.