Оралда жас жігітті өлтіріп кетті
Сурет: Zakon.kz
Оралда жас жігітті өлтіріп кетті, бұл іс бойынша 19 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"19 мамырда, 04:22-де "Әли" кафесінің жанында белгісіз біреу 1995 жылы туған тұрғынды пышақтап, алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 19 жастағы жігіт анықталып, ұсталды және іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды". Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті
Полицияның хабарлауынша, аталған факті бойынша 99-баптың 1-бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript