Шымкентте адамдар отырған аттракцион биіктікте 20 минут тұрып қалған

аттракцион, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2023 13:55 Сурет: pixabay
Шымкент саябағындағы "Бәйтерек" аттракционы бұзылып, адамдарымен бірге биіктікте тұрып қалды, - деп хабарлайды Zakon.kz Elitar.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, аттракцион биіктікте 20 минутқа тоқтап қалған.

Қала тұрғыны Роман сайтқа берген сұхбатында  достарымен саябаққа демалуға барғанын айтқан.

"Біз екі жігіт, төрт қыз болып отырдық. Бір кезде аттракционнан ақау шыққанын байқадық. Қыздар қорқып, айғайлай бастады. Мен оларды тыныштандыруға тырыстым. 20 минуттай жоғарыда отырып қалдық, содан кейін қызметкерлер бізді түсіре бастады, бірақ толық емес, өйткені құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрды".

Осыдан кейін саябақта дүрбелең басталған, адамдар өз өмірі үшін қорқып, үрейленген. 

Енді қала тұрғындары атракционға техникалық қызмет көрсетіп, оны  жөндеумен үшін барлық аттракционды жабуды талап етті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: