Шымкентте ұландықтар өзін өлтірмек болған әйелді құтқарып қалды
Сурет: pixabay
Шымкентте ұландықтар өмірімен қоштаспақ болған әйелді құтқарып қалды. Оқиға 23 наурыз күні сағат 19:35 шамасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін күзету барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрдәулет Мадымұхамбетов қатардағы Бекарыс Наранбаев пен Нұрболат Дүйсенмен бірге Мангелдин және Темірлан көшелерінің қилысында орналасқан көпірден секірейін деп тұрған белгісіз әйелді байқап қалған.
"Оқиға орнына келгенімізде азаматша көпірден төменге қарай секірмекші болып тұр екен. Біз одан мұндай әрекетке бармауын өтіндік. Алайда ол ештеңе айтпастан жылай бастады. Мен әйелді өзіме қарай тартып қалдым, қалған екі жауынгер оны қауіпсіз жерге шығаруға көмектесті". Қатардағы Нұрдәулет Мадымұхамбетов
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құтқарылған әйел полиция қызметкерлеріне табысталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript