Жаңалықтар тізбегі
0

Бұршақ, шаңды дауыл: Қазақстан бойынша 23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 09:15 Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, осыған байланысты Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшейеді, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

"Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады", – делінген хабарламада.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +21+23°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: