Елімізде отбасын құрғысы келетін жұптардың денсаулық паспорты енгізілмек
"Әрбір әйел - әрбір бала" ана мен бала денсаулығын сақтау жобасында "Отбасындағы жұптардың денсаулық паспорты" жобасын әзірлеу және іске асыру көзделген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ол некеге тұрғанға дейін қыздар мен жігіттерді ерікті профилактикалық тексеруді көздейді.
Бұл жобаны іске асырудың мақсаты - ана өлімінің дамуына, жастардың репродуктивтік және соматикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға барынша әсер ететін кейбір ауруларды анықтау, жыныстық жолмен берілетін генетикалық, соматикалық және инфекциялық ауруларды уақытылы ерте анықтау және жүктілікті жоспарлаудан бұрын емдеуді бастау.
Қазақстанда нәресте өлімінің 58,7%-ы - дене салмағы 2500 грамнан кем шала туған нәрестелер. Ал ана өлімінің 46%-ы әйелдің түрлі созылмалы ауруларына байланысты болады
Сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы проблемасы бар. Олар адамның денсаулығына, болашақ ұрпақтың денсаулығына әсер етеді. Осылайша, Қазақстанда АИТВ-инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 74,7%-ы жыныстық жолмен берілуіне байланысты , ал үш негізгі ЖЖБИ - мерез, гонорея және трихомониаздың таралуы ресми статистикаға қарағанда 3-3,5 есе жоғары.
"Ана өлім-жітімінің, жыныстық серіктестің инфекциясының немесе ұрықтың өлімінің алдын алудың ең жақсы тәсілі - ауруларды уақтылы анықтау және емдеу. Халықаралық тәжірибені талдау әлемнің көптеген елдерінде некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараудың енгізілгенін көрсетті. Ұсыныстардың нақты тізімі әр елдің экономикалық, мәдени, діни және медициналық жағдайларына байланысты өзгереді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараудың мақсатына айналған медициналық сипаттағы үш алғышарт бар:
- Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қарау денсаулық сақтау жүйесіне қатты әсер ететін кейбір ауруларды анықтаған кезде қоғамдық денсаулыққа әсері.
- Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараулар болашақ ерлі-зайыптылардың денсаулығының нашарлауына және ауру ұрпақтардың тууына жол бермейді.
- Некеге дейінгі зерттеп-қарауға арналған ауруларды таңдау ықтимал аурудың алдын алу немесе емдеу мүмкіндігіне байланысты болды. Мұндай аурулардың арасында жиі кездеседі: талассемия, орақ тәрізді жасушалы анемия, АИТВ, В және С гепатиттері, қызамық, мерез, және басқа жыныстық жолмен берілетін аурулар.
"Қандай да бір ауру немесе аурудың даму қаупі болған жағдайда жастардың арасындағы некені тіркеуге тыйым салу емес, зерттеп-қаралып, медицина қызметкерлерінің уақытылы консультациясын алу міндетін енгізу", - делінген министрлік хабарламасында.