Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның төрт фильмі британ кинофестивалінің финалына өтті

V Eurasian Film Festival, Қазақстан, Қазақстан кинемотографиясы, кинофестиваль, қазақстандық кино, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 12:18 Сурет: V Eurasian Film Festival
Қазақстанның төрт фильмі V Eurasian Film Festival (ECG FF) британдық кинофестивалінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Үздік қысқаметражды фильм" аталымында режиссер Рамазан Халиолланың Barn фильмі, "Үздік деректі фильм" аталымында режиссер Ақбөбек Төлжанованың "Ұйқыдағы арудың оянуы" фильмі мен режиссер Aлмас Мақсұттың Segiz фильмі, "Үздік Еуразиялық кино" (Гран-при) аталымында Марина Қонарованың The Crying Steppe фильмі бақ сынайды.

"Біз Қазақстан киносының дамып, әлемнің әр түкпір-түкпірінен көрермендерін тауып жатқанына қуаныштымыз. Фестивальдің барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз және қазақ киносы бізді жаңа жауһарлармен қуанта береді деп сенеміз", – деп пікір білдірді фестиваль директоры Анна Лари.

Eurasian Film Festival кинофестивалі 24-30 мамыр аралығында өтеді.

2023 жылы кинофестивальге Ұлыбритания, Қазақстан, Украина, Израиль, Грузия, Әзербайжан, Франция, Беларусь, Аргентина, Ресей, Армения, Өзбекстан, АҚШ, Иран, Польша, Швеция, Молдова, Қырғызстаннан өтінімдер түскен.

ECG Film Festival – Орталық Азия мен Ұлыбритания арасындағы көпір, әлемнің әртүрлі елдерінің мәдениеті бірігетін нүкте. Осындай мәдени ынтымақтастықтың көмегімен ағылшын тілді көрермендер Қазақстанның тыныс-тіршілігмен таныса алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: