Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесіне есепке алынады

Шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесіне есепке алынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 16:08 Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен тұтынушылардың есебін жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медицина көмегін алу құқығын беру қағидасына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағида ратификацияланған халықаралық шарттың талаптарына сай "Қазақстан аумағында уақытша тұратын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелерінің санатына жататын тұтынушылардың есебін жүргізу тәртібі" деген жаңа 2-1 тараумен толықтырылды.

Аталған тұлғалардың тізімін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетелдік еңбек» автоматтандырылған АЖ, Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы АЖ деректері негізінде мемлекеттік корпорация қалыптастырады.

Бұйрық 2023 жылдың 2 маусымынан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: