Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда Президент резиденциясының орнына "Мөлдір бұлақ" оқу-сауықтыру орталығы ашылады

Баспасөз конференциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 19:10 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласында орналасқан Президент резиденциясы жергілікті әкімдікке беріліп, балаларға арналған жыл бойы жұмыс атқаратын 40 орындық облыстық "Мөлдір бұлақ" оқу-сауықтыру орталығын ашуға 610,8 млн теңге қарастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров айтты.

"Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көп балалы және аз камтылған отбасылардан шыққан 48 671 баланы ыстық тамақпен, киім-кешекпен және жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамсыз етуге 5,7 млрд теңге көзделіп отыр. Мемлекет басшысының аз қамтылған отбасыдан шыққан 1-4 сыныпта оқитын 70 639 баланы және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін 11 326 баланы ыстық тамақпен қамту мақсатында берген тапсырмасын (26.11.2022 ж.) орындау үшін 3 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды", - деп атап өтті Нұржан Сәбитұлы.

Сондай-ақ, ол 2020-2023 жылдары 44 мыңға жуық педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни 2 есеге өскенін де мәлімдеді.

 Ал, спорт саласына өңірде 13,3 млрд теңге қарастырылып, оның 6,9 млрд теңгесі саладағы 2 872 штаттық бірліктегі спорт мамандарының айлық жалақысына жұмсалған.


Нұржан Календеров, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 19:10

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


"Мемлекеттік спорттық тапсырысқа 1,2 млрд теңге бөлініп, 119 спорттық секция ашылды, онда 6 818 балаға спорттың 17 түрінен ваучер берілді. Бүгінге 23 спорт нысанының құрылысы салынуда, оның  16-сы биыл пайдалануға берілетін болады, ол үшін 3,5 млрд теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін 59%-ға (2022 жылы - 57,5%), дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесін 42%-ға (2022 жылы - 39,1%) жеткізу көзделуде", - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Брифингте Нұржан Календеров ауылға жұмыс істеуге келген жастарды қолдаудың ерекше назарда екенін де атап өтті.

"2022 жылы "Дипломмен ауылға" жобасы аясында 291 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға        1,3 млрд теңге несие берілді. Аудандық бюджет есебінен 511 маманға 156,8 млн теңге біржолғы көтерме жәрдемақысы төленді. Ағымдағы жылы 204 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1,1 млрд теңге бюджеттік несие,  525 маманға 188,0 млн теңгеге біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу жоспарлап отырмыз", - дейді Нұржан Сәбитұлы.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: