Жаңалықтар тізбегі
0

Сыр өңірінде "Мөлдір бұлақ" апталығы қорытындыланды

Экоакция, Қызылорда облысы, Мөлдір бұлақ, Таза Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 13:26 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Мөлдір бұлақ" апталығы қорытындыланды. Жалпы акцияның мақсаты - табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен, көлдер жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылды. 

"Мөлдір бұлақ" апталығы аясында 20 мыңнан астам адам, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, тұрғындар қатысып, барлығы 245 техника жұмылдырылды. 

Экоакция, Қызылорда, Мөлдір бұлақ, Таза Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 13:26

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тазалық апталығы аясында облыстағы Сырдария өзенінің жағалауы, Аққұмшық жағажайы, Кәрібөгет көпірі, Лайкөл, Қамбаш, Жалаңаш, Шөмішкөл, Райым, Тұщы, Иіркөл, Қараөзек, Әлімкөл, Жаманкөл сынды көлдердің және "Қалғандария", "Елтай", "Шіркейлі", т.б. су арналарының жағалауларына қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 

Жағалауды тазарту жұмыстары, Қызылорда облысы, Мөлдір бұлақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 13:26

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы экоакция апталығы аясында су айдындары мен аяқсу арықтары 40 тоннадан астам қоқыстан тазартылды.

Көпір, Қызылорда облысы, Мөлдір бұлақ, экоакция, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 13:26

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуірден бастап су тасқыны орын алмаған аймақтарда көгалдандыру және санитарлық тазалыққа бағытталған "Таза Қазақстан" акциясы жүзеге асуда.

Бұл ретте, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында облыс әкімі Н. Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланып, облыс көлемінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылуда. 

Облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алған болатын.

Экологиялық акция, Қызылорда облысы, көпір, көл жағасы, Мөлдір бұлақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 13:26

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: