Жаңалықтар тізбегі
0

Сыр өңірінде 1000 түп ағаш көшеті егілді

Қызылорда облысында 1000 түп ағаш көшеті егілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 16:27 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан – таза аймақ» республикалық экологиялық акциясы аясында 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» санитарлық шарасы өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерге 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітілді.

Қызылорда облысында 1000 түп ағаш көшеті егілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 16:27

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жоспарға сәйкес 2024 жылы елді мекендер аумағында 100,1 мың дана, жасыл аймақ құру бойынша 108,6 мың дана ағаш көшеттерін егу жоспарланып отыр."Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Президенттің тапсырмасына сәйкес бүгін облыс көлемінде санитарлық тазалық акциясы ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда 1000 саялы ағаш көшеті таратылып, отырғызылды.

Аталмыш акцияға облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановта үн қосып, қаланың сол жағалауында құрылысы салынып жатқан жаңа автовокзал ғимаратының аумағында тазалық шарасына қатысып, ағаш екті.

Қызылорда облысында 1000 түп ағаш көшеті егілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 16:27

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Облыс бойынша орман толықтыру және жергілікті жердегі көгалдандыру жұмыстарына қажетті көшеттермен қамтамасыз ету үшін 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 158 га уақытша тұқымбақтар орналасқан, барлығы 17,5 млн дана әртүрлі жергілікті жерге жерсіндірілген саялы ағаш (үйеңкі, шаған, қаратал, айлант, катальпа, сырталы, терек, жиде, легиструм) және сексеуіл көшеттері өсірілуде.",- деп толықтырды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбағында өсірілген терек, қаратал, үйеңкі, айлант, катальпа секілді облыс бойынша 28 мыңнан астам ағаш көшеттері таратылып, егілген.

Қызылорда облысында 1000 түп ағаш көшеті егілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 16:27

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, Қызылорда-Жезқазған бағытындағы автожолының бойында 3000 га алаңда жасыл аймақ құру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл жұмыс толығымен аяқталды.

Қызылорда облысында 1000 түп ағаш көшеті егілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 16:27

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: