Жаңалықтар тізбегі
0

Үйде агрессор күн көрсетпесе, алматылықтар қайда жүгіне алады

Үйде агрессор күн көрсетпесе қайда шағымдану керек Сурет: pixabay
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Алматыда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» республикалық акциясы өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Диас Дуанбеков бұл акция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенімді арттыру мақсатында қажет екенін атап өтті.

«Іс-шара аясында ішкі істер бөлімінде профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын тұлғаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ олардың күнделікті өмір саласында қылмыс жасауына жол бермеу». Диас Дуанбеков

Акцияға дағдарыс орталықтары да белсене қатысуда, онда құқықтық консультация және психологиялық көмек көрсету бойынша сенім телефондары жұмыс істейді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, келесі телефондар бойынша полицияға хабарласуыңыз қажет:

Алматы қаласы ПД - 254-45-99;

Алмалы ауданы ПБ - 254-46-09;

Алатау ауданы ПБ - 227-55-54;

Әуезов ауданы ПБ - 298-53-33;

Бостандық ауданы ПБ - 254-47-26;

Жетісу ауданы ПБ - 254-49-43;

Медеу ауданы ПБ - 254-48-66;

Түрксіб ауданы ПБ - 298-54-25;

Наурызбай ауданы ПБ - 254-49-48.

Сонымен қатар, дағдарыс орталықтарының телефондары берілген:

  • «Родник» ҚҚ – 396-19-38;

  • «Жан-Сая» КММ – 150 (анонимді, тәулік бойы), 8-771-450-34-50, 8-727-243-22-21;

  • «Аналар үйінің» - 8-747-311-41-09, 8-747-311-40-51, 8-747-311-40-67.

Қыркүйек айында Қызылордада мас күйеуі әйелін ұрып өлтіргені белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз