Қостанай облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады
"ТоболИнфо" басылымының жазуынша, қыздың денесін әкесі тауып алған.
Ол қала мен ауыл арасында жолаушы тасымалдаумен айналысатынын айтқан. Сол күні қаладан келіп, үйді айналып шыққанда терезеден қызының асылып тұрғанын көрген.
Әкесі оның бірнеше күн бойы олармен тамақ ішпегенін, тұйықталып жүргенін де айтқан.
Бойжеткен 22 мамырда ҰБТ сынағына баруы керек болған, бірақ себебін айтпастан тестке барудан бас тартыпты.
Білім басқармасы мектептің 11-сыныбында төрт-ақ оқушы бар екенін мәлімдеді. Өзара жанжал байқалмаған.
"Біз әзірге ештеңеге түсініктеме бере алмаймыз, себебі тергеу амалдары жүріп жатыр, оның ішінде оның телефондағы және басқа да әлеуметтік желілердегі хат-хабарлары тексеріліп жатыр". Ұзынкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Қайрат Әлиев
Ақтөбеде 2023 жылғы 24 сәуірге қараған түні үш суицид болды – екі әйел "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінің 19-қабатынан, тағы бір ақтөбелік қыз Әбілқайыр хан даңғылындағы тоғыз қабатты үйден секіріп кетті.