Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысындағы ауданның бірінде төтенше жағдай жарияланады

Абай облысындағы ауданның бірінде төтенше жағдай жарияланады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 09:50 Сурет: ҚР ТЖМ
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 25 мамырда Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет отырысында Нұрлан Ұранхаев Абай облысындағы өртті сөндіру туралы баяндады. Оның айтуынша, екпінді жел мен сулы-батпақты жер салдарынан ауыр техниканың қозғалуы қиындап отыр. Бүгінде жанып жатқан аумақ 3,5 мың гектар болды. Орман өртін сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, 1 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылған.

"Бүгін Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, дегенмен қауіпсіздік мақсатында 277 адам өз бетінше туыстарына көшірілді. Тонаулардың алдын алу үшін эвакуациялау кезінде 20 полиция қызметкері кезекшілік етті. Төтенше жағдайда эвакуациялау үшін үш пункт дайындалды, онда 331 орын бар. Орман өртін сөндіру жалғасып жатыр әрі бақылауда".Нұрлан Ұранхаев

Премьер-министр Әлихан Смайылов министрлер кабинетінің кейінгі отырысында ғана өрт қаупі бар маусымға дайындық мәселесі қаралғанын атап өтті.

"Өткен отырыста ғана біз өрт қауіпсіздігіне дайындық мәселесін қараған едік. Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді-мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толықтай бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл – әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті. Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге үкіметтің атынан алғысымызды білдіреміз".Әлихан Смайылов

Ол Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмысын жүргізуі қажет деп, тапсырма берді.

22 мамыр күні Абай ауданында ірі орман өрті шықты. Қазірдің өзінде орман өрті 3500 гектарды алып үлгерді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: