Петропавлда 9 қарашадан бастап төтенше жағдай режимі енгізіледі
Сурет: gov.kz
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қалада 9 қарашадан бастап төтенше жағдай режимі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 7 қарашада Жуков – Н.Назарбаев көшелерінің ауданында орналасқан Д – 800 мм кәріз коллекторы зақымданған. 1956 жылы салынған бұл коллектор 19, 20-шағын аудандардан, Жұмысшы кентінен, Береке шағын ауданынан, Вокзал ауданынан, Нефтепроводная көшесінің аймағындағы ағындарды жинайды.
Қала әкімі құбырлардың тозуына байланысты зақымдану жағдайлары жиілеп кеткенін баса айтты.
"Коллектордың толық тоқтап қалуын болдырмау үшін осы учаскеге шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған байланысты қала әкімдігі коллекторға жедел жөндеу жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылдады".Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев
Әкім тиісті құжат НҚА порталында жарияланғанын атап өтті.
"ТЖ режимі 9 қарашадан бастап енгізіледі. Коллекторды тексерілді, "Қызылжар Су" ЖШС-сын күрделі жөндеуге кірісіп кетті. Мәселе облыс пен қала басшылығының бақылауында", – деді әкім.
Қала әкімі жұмыс штаттық режимде жүргізілетінін айтып, тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript