Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Петропавл қаласының әкімдігі 2024 жылы 4 сәуірде маңызды мәлімдеме жасады. Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігі атап өткендей, 2024 жылдың 26 наурызынан бастап қала аумағында қардың қарқынды еруі салдарынан жеке секторларды жаппай су басты.
"Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды". Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ қалада 4 сәуірден бастап төтенше жағдай режимі жарияланғаны нақтыланады.
"Авариялық жағдайды жою және тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады". Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылы 4 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript