Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Челябинск – Болашақ – Иран бағытында жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңістік, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 19:50 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысындағы сөзінде интеграциялық дамудың тағы бір маңызды бағыты жаңа халықаралық көлік артерияларын құру болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің экономикалық одақ, сайып келгенде, Еуропа мен Азия, жаһандық Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы байланыстырушы буынға айналатындығына сенімдімін. Біз Ресей Федерациясының ҚХР, Үндістан, Пәкістан, Иран, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бағытында дәліздерді қалыптастыру жөніндегі ниеттерін құптаймыз. Транскаспий бағытымен ұштастыра отырып, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамыту қажеттілігі туралы ой-пайым әбден-пісіп жетілді деп санаймын". ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы осы ретте Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктері мен ресурстарын жұмылдыра отырып, ЕАЭО-ның сенімді логистикалық хабы болатынын баса атап өтті. Сондай-ақ ол үлгілі бастама ретінде "Челябинск-Болашақ-Иран" теміржол магистралі бойынша жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынатындықтарын жеткізді. 

"Бұл үшін Челябинскіде жүк жинақтайтын орталық аша отырып, "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізінің қолданыстағы инфрақұрылымын пайдалануға болады. Біз өзіміздің Бейнеу – Маңғыстау темір жол желісіндегі және Бейнеу – Шалқар автомобиль жолындағы талапқа сай келмейтін учаскелерді қайта салуға әзірміз. Тиісті жүк тасымалы ағынын қалыптастыру үшін күш жұмылдыру маңызды. Сол себепті Қазақстан мұны сөзсіз іске асырады". ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, Бақты – Аягөз темір жолының құрылысын өзара тиімді ынтымақтастығымыздың нақты мысалы деуге болады. Оның іске қосылуы Қазақстанның да, Ресейдің де Қытай бағытына жөнелтетін жүк көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: