Жаңалықтар тізбегі
0

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды

Иран Ауғанстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2023 14:37 Сурет: reuters
Тәліптер мен ирандық әскерилер Ислам Республикасының Ауғанстанмен шекарасында оқ атысты. Салдарынан сарбаздар қаза тапты, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қақтығыс суға таластан болған. Оқты кім бірінші атқаны белгісіз. Қос тарап бірін-бірі айыптап отыр.

Оқиғадан кейін Иранның Белуджистан мен Ауғанстанның Нимроз аймағында орналасқан ірі шекара бекеті жабылды.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Нафи Такор Иран тарапы бірінші болып оқ жаудырды деп айыптады.

Такор атыс кезінде екі елден екі адам қаза тақанын айтты, деп жазды Al Jazeera.

"Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі (Ауғанстан) көршілерімен соғысқысы келмейді", - деді баспасөз хатшысы.

Кейін IRNA агенттігі екі ирандық шекарашының қаза тапқанын және екі ирандық бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: