Жаңалықтар тізбегі
0

37 градус ыстық пен жаңбыр: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

37 градус ыстық пен жаңбыр: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 11:50 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 30 мамыр мен 1 маусым аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінің ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелер әсерінен анықталады. Найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

"30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусымда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында қатты жаңбыр жауады", - деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың болжамына сәйкес, тек Қызылорда және Ұлытау облыстарында антициклонның екпінімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста және солтүстік-батыста 28-36 градус жылы;
  • солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 градус жылы;
  • оңтүстікте 32-37 градус жылы,
  • шығыста біртіндеп 20-28 градус ыстыққа дейін көтеріледі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: