43 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ, бұрқасын: алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады

43 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ, бұрқасын: алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2023 14:48 Сурет: pexels
Синоптиктер 27-29 шілде күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде республиканың солтүстік-батысында өте қатты ыстық, яғни +40+43 градус аптап болады.

"Алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Сонымен қатар бұрқасын соғады деп болжанды", - делінген хабарламада.

Биылғы жаз Қазақстанның көптеген өңірлеріне көптен бері болмаған аптап ыстықты әкелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: