Жаңалықтар тізбегі
0

Президент «Қызылжар-Сүт» фермасын аралады

Президент «Қызылжар-Сүт» фермасын аралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 15:02 Сурет: akorda.kz
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қызылжар-Сүт» фермасына барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңы көрсетіліп, осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды.

Тауарлық сүт фермасының бірінші кезеңі 2020 жылы іске қосылған. Былтыр кәсіпорынға 366 миллион теңге инвестициялық субсидия бөлінген және Германиядан симментал және голштин асыл тұқымды ірі қара сатып әкелінген. Ферма 60 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.


Президент «Қызылжар-Сүт» фермасын аралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 15:02

Сурет: akorda.kz


Президент агроөнеркәсіп кешені басшыларымен және қарапайым жұмысшылармен әңгімелесті. Олар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығының дамуы тың қарқын алғанын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: