Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда оқушы өз қатарласын дұрыстап амандаспағаны үшін ұрып өлтірді

Орал, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 01:30 Сурет: astanatv
Батыс Қазақстан облысындағы Щапов ауылының мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірді. Оқиға куәгерлер марқұм болған жеткіншек оған дұрыстап амандаспағанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған ашуланған жасөспірім бірден қол көтеріпті. 9-сынып оқушысы Дияр Досқали алған соққыларынан қайтыс болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Марқұмның туысы Дияр Досқалидің айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырыпты. Осыдан кейін сөзбен тиісіп, қол көтерген. 

Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10-кластағыларға айтқан ғой мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті.  Марқұмның туысы Дияс Досқали
"Әңгіменің басы бізге келгенде неге "Ассалумағалейкүм" айтпадың дегендей сөзден басталған. "Қатты соққының даусы естілді" дейді. Содан жүрелеп отырып, сосын шалқасынан құлаған. Кінәлау қиын, бірақ жаңағы соққы жасаған баланың сондайы барын там-тұмдап естиміз".  Марқұмның туысы Махмұд Бекқұлов

Балаларды осылай қорлағандар жерге құлаған Диярдың есін жиғызуға тырысады. Бірақ мұны үлкендерге айтпаған. Осы қарбалас кезде Диярды ұрған жасөспірім қашып кетіпті. Ал ата-анасына хабарласқанда бәрі кеш болды дейді туыстары. 

"Бетіне су құйғанда мұрнына су кетіп қалып, тұншығып қалды ма, дұрыс көмек бермеген басында. Жазалануы керек бәрі! 7-8 бала болған ғой. Бірақ жіберіп тұрған баланың өзі болмаған. Өзі қазір телефонын алмайды, ештеңе істемей отыр".  Марқұмның туысы Салтанат Абаева

Марқұмның туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Өйткені әлімжеттік көрсеткен оқушылардың бірі - бұрын күреспен айналысқан, ал енді бірі - студент. 

Полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

"Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды".БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Лунара Аманғалиева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: