Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушы жетпейді: Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде бастауыш мектеп жабылып қалуы мүмкін

Оқушы, БҚО, мектеп, Жетікөл ауылы, бастауыш мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 10:44 Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысындағы Жетікөл ауылының бастауыш мектебі жабылудың алдында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы жылдары ауылдан үдере көшкендер қатары арта түскен. Оған инфрақұрылымның нашарлығы мен жұмыссыздық себеп болып отыр. Енді мектеп жабылып қалса, елді мекеннің біржола тоз-тозы шыға ма деп алаңдайды жұртшылық.

"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, мұнда төрт-ақ бала қалған екен. Ал 1 сыныпқа әлі ешкім қабылданбаған.

 "4-сынып бітірген 2 оқушымыз кетіп отыр. Сосын ата-ана бір баланы қалаға қарай алып кетіп отыр ата-әжесіне. Мектепалды даярлық тобында екі баламыз бар. Ол бірақ келесі жылға келетін балалар саны. Бір бала келетін болар деген ойдамыз".  Жетікөл бастауыш мектебінің мұғалімі Дария Панағожина

Ауылдың көнекөздері бұрын елді мекеннің қызу еңбек ордасы болғанын айтады. Тек тоқсаныншы жылдардан бастап жұмыссыздық жайлапты. Тұрғындар жан-жаққа үдере көшкен. Оның үстіне инфрақұрылымның нашарлығы да тұрмыс сапасына кері әсер етіа отыр.

"Уақытында қол жұмыс ретінде жастар ауылда тұрақтады. Қазір ол жүйе жойылды. Басқаша қазір адамдардың тірлігі. Жеке қожалық қазір бір-біріне. Жарық мәселесі қиындау болып тұр. Кілең жүйе ескіргеніне байланысты деп жатыр ғой енді. Жиі сөнеді свет. Су мәселесі де қиындау. Бірде жүреді, бірде жүрмейді деген сияқты". Жетікөл ауылының тұрғыны Киікбай Қайырғожин

Ауылда қазір 28 шаңырақ бар. Әкімдік енді елді мекенге көшіп келген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

"Бос үйлердің иесімен сөйлесіп, үйге тұру мәселесі бойынша. Одан бөлек шаруа қожалықтарымен сөйлестім осындағы. Ұсақ малмен көмектеседі әрқайсысы. Мысалы, мында 14 қожалық болса, 10 қоймен көмектеседі. Жұмыспен қамту, қожалыққа жұмысқа кіргізу. Сондай жұмыстарға көпбалалы отбасылар келсе. Әлі нақты келемін дегендер жоқ енді". Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұханов

Норматив бойынша егер бастауыш мектепте оқушы саны бесеуден аз болса, мекеме жабылады. Десе де облыстық білім басқармасының маманы Жетікөл мектебін жабуға қатысты ешқандай ұсыныс қаралып жатпағанын айтты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: