Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны: қандай шаралар қолданылып жатыр

БҚО, су тасқыны, ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 10:09 Сурет: БҚО ТЖМ баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында су тасқынымен күрес әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тек өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде 4 мың дана қапқа инертті материалдар салынып төселді, 25 мың текше метрден астам су сорылды.

"Жалпы, су тасқынына дайындық және оған қарсы күрес кезеңінде 15 мыңнан астам қапқа инертті материалдар салынып төселді, шамамен 300 мың текше метр су сорылды, 300 мыңнан астам текше метр қар шығарылды, 5 мыңнан астам ойық бұрғыланды, 65 мың шаршы метр мұз кесілді".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Орал қаласы, Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандары әкімдерінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды.

Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді, оған Қазақавтожол және Қазсушар өкілдері де кірді.

Облыстық және республикалық штаб базасында жедел желі телефоны ашылды (бір тәулікте ақпараттық сипаттағы 109 қоңырау түсті).

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 149 адам эвакуацияланды, 300-ге жуық ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.

"Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамынан 800-ден астам адам жұмылдырылды. Жедел жұмыстарда 200-ден астам техника және 100-ден астам су айдау құралдары қолданылады".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: