Жаңалықтар тізбегі
0

2025 жылға дейін Қазақстаннан Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йоркке тікелей рейстер ашылады

2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йоркке рейстер ашылмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 10:41 Сурет: Zakon.kz
30 мамыр күні өткен үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев халықаралық тасымал бойынша 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілген.

"Нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылып жатыр. Бүгінде 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары", - деді министр.
  • ТМД-ның 8 еліне 46 бағыт бойынша;
  • Таяу Шығыстың 7 еліне 34 бағыт бойынша;
  • Оңтүстік-Шығыс Азияның 7 еліне 16 бағыт бойынша;
  • Еуропаның 5 еліне 7 бағыт бойынша биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, оның 9-ы ашылды.

Сонымен қатар мына маршруттар жаңартылған:

  • Астана – Пекин («Эйр Астана»),
  • Алматы – Самарқанд («Fly Arystan»),
  • Астана – Баку («AZAL»),
  • Астана – Үрімші, Алматы – Сиань («China Southern Airlines»)

Сонымен бірге мына маршруттар ашылды: Алматы – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»), Астана – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»-2, «Red Sea»-2), Астана – Сиань – Пекин («Air China»), Шымкент – Дели («Fly Arystan»).


"Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашуды жоспарлап отырмыз", - деді министр Марат Қарабаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: