Жаңалықтар тізбегі
0

2022 жылдың қорытындысы бойынша машина жасауға 500 млн доллар инвестиция тартылған

2022 жылдың қорытындысы бойынша машина жасауға 500 млн доллар инвестиция тартылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 13:49 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде экономика құрылымында машина жасау саласының үлесі 1,5%, ал өңдеуші өнеркәсіпте 13% болды. Салада қазір 3 мың 800 кәсіпорын қызмет етіп келеді. Жұмыспен қамтылғандардың саны - 118 мыңнан астам адам.

"Кейінгі 5 жылда саланың нақты өсімі 2,3 есе болды (Нақты көлем индексі), ең үлкен өсімді автомобиль жасау саласы көрсетіп отыр (4,7 есе). 2022 жылдың қорытындысы бойынша машина жасауға шамамен 500 млн АҚШ доллар құрайтын тікелей инвестиция тартылды. Бұл - рекордтық көрсеткіш. 2023 жылдың 1-тоқсанында салаға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 208 млн АҚШ доллар болды (4 есеге өсу, яғни 51,5 млн АҚШ долл)", - деді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, өңдеуші өнеркәсіп салаларының ішінде машина жасау - ең қарқынды дамып келе жатқан сала. Салыстырмалы түрде кейінгі 5 жылда өңдеуші өнеркәсіптің орташа өсу қарқыны 4,5% болса, ал машина жасаудың өсу қарқыны 17,6% болып отыр.

"Бұл үрдіс биыл да байқалды. 6 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 128,8% болды, 1 трлн 800 млрд теңге сомасына өнім шығарылды (2022 жылғы сәйкес кезеңіне +38%). Қолданыстағы өндірістердің қуаты біртіндеп артатынын ескеретін болсақ, өндіріс көлемі одан әрі өседі", - деп қосты министр.

Марат Қарабаев басты назар жаңа жобаларға аударылып жатқанын айтты. Осы ретте 2028 жылға дейін 1 трлн 700 млрд теңгеге 151 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде биыл 217 млрд теңгеге 29 жобаны іске асыру көзделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: