Әуежайлардағы арнайы техника мен жабдықтар 50% тозған

Әуежайлардағы арнайы техника мен жабдықтар 50% тозған, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 16:47 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежайлардағы арнайы техника мен жабдықтарына тоқталсақ, олардың тозу деңгейі 50%-ға тең. Жақын арада 230 бірлік техниканы жаңарту қажет. Сонымен қатар барлық әуежайда мобильділігі төмен жолаушыларға қажет жағдайларды қамтамасыз ету үшін мүгедектер арбасын және амбулифт сатып алу маңызды мәселе болып тұр.

Бұл жобаларды қаржыландыру жеке әуежайлар үшін өз қаражаты немесе жеңілдетілген кредиттеу есебінен атқарылады.

"Ал мемлекеттік әуежайлар үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп бюджеттен қаражат бөлу мәселесін пысықтаудамыз", - деді министр.

 Бұған дейін министр биылғы 11 айда отандық авиакомпаниялар 12 млн 300 мың жолаушы тасымалдағанын мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: