Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада 2 жасар баланың асқазанынан алты бұйым шықты

алтын, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 00:37 Сурет: Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасы баспасөз қызметі
Қызылордалық дәрігерлер екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік пен сырға алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz massget.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың анасы зергерлік бұйымдарының жоғалғанын бірден байқамаған. Оларды үйден таппаған соң кішкентай ұлы оларды жұтып қойған болуы мүмкін деп күдіктенген. Күмәнді сейілту үшін әйел ауруханаға барған.

"Баланы эндоскоппен қарадық. Асқазанынан бөгде зат табылды. Ол - алтын бұйымдар. Біз оларды алып тастадық". Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Серік Нүсіпқожаев.

Дәрігерлердің айтуынша, әртүрлі ұсақ заттарды жұтқан балалардың ата-аналары ауруханаға жиі жүгінеді. Көбіне бұл - монеталар, тастар, магниттер немесе батареялар. Бірақ алтын зергерлік бұйымдарды жұтып қойған жағдай алғаш рет болып тұр.

"Келесі күні біз 7 жастағы баланың асқазанынан батарейка алып шықтық, ал екіншісінен магнит", - деді дәрігер.

Жыл басынан бері облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері осындай 25-ке жуық ота жасаған. Дәрігерлер денеге бөгде заттың түсуінің белгілері суық тигендей болатынын ескертті. Балалар жөтеледі, құсады.

"Егер балада бұл белгілерді байқасаңыз, эндоскописке жүгінгеніңіз дұрыс", - деді Серік Нүсіпожаев.Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Серік Нүсіпқожаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: