Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ: Үндістандағы ШЫҰ саммиті онлайн режимде өтеді

Шанхан ынтымастық ұйымы саммиті, ШЫҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 16:57 Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
31 мамырда Сыртқы істер вице-министрі Қанат Тұмыш Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 23-саммитінің басты ерекшеліктерін жариялады. Шара 4 шілде күні онлайн режимде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ШЫҰ-ның кезекті саммиті Үндістанның төрағалығымен 2023 жылғы 4 шілдеде өтеді. Негізгі қорытынды саяси құжат – Дели декларациясы болады

"Иранның ШЫҰ-ға толық форматты қосылуы Саммиттің ерекше шешімі ретінде көрініс табады. Иранның кіруі 3,2 млрд тұрғынды біріктіретін Еуразия аумағының 2/3 бөлігін құрайтын жауапкершілік аймағын кеңейтеді. Бұл жер бетіндегі халықтың 45%-ын қамтитын мәдениеті бай, жарқын дәстүрлері мен әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірін өндіретін экономикалық әлеуеті бар аймақты құрайды", –  деді ол.

ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші Мұрат Мұқышевтың айтуынша, төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның күш-жігері өзара ынтымақтастықтың барлық бағыттарын – қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды теңгерімді дамытуға, сондай-ақ ШЫҰ қызметін жетілдіруге және оны жемісті ынтымақтастық үшін сенімді тұғырнама ретінде орналастыруға бағытталады.

"ШЫҰ бойынша 80-нен астам іс-шара өткізу жоспарланған. Соңғы іс-шара 2024 жылы Астанада өтетін ШЫҰ саммиті болмақ. Оның қорытындысы аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге, ұйым кеңістігінде гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше үлес қосады деп сенемін", – деді ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші.

Сондай-ақ Алматыға 2023-2024 жылдарға арналған ШЫҰ туристік-мәдени астанасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдау жоспарланғаны мәлім болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: