ҚР СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу ШЫҰ СІМК шеңберінде екіжақты келіссөздер өткізді
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млрд АҚШ долларына жеткен екі жақты сауда айналымның жағымды қарқынын қанағаттанушылықпен аталып өтті, делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мұрат Нұртілеу сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мен әртараптандыру, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Үндістанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Субраманьям Джайшанкар көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдіре отырып, екі жақты қарым-қатынастарды дамыту үшін күш жігер жұмсайтынын айтып кетті.
Сонымен қатар, дипломаттар халықаралық күн тәртібінің мәселелері бойынша пікір алмасып, БҰҰ, ШЫҰ, ӘӨСШК, "Орталық Азия Үндістан" диалогын қоса алғанда көпжақты құрылымдар шеңберінде екі елдің жағымды ынтымақтастығын атап өтті. Аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылауға ерекше назар аударылды.
Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты іс жүзінде кеңейтү үшін тығыз байланыстарды қолдап тұруды келісті.
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен де келіссөздер өткізіп, оның барысында Ұйым қызметінің шеңберінде ынтымақтасу мәселелерін талқылады. Оған қоса Нұртілеу ШЫҰ-дағы көпжоспарлы ынтымақтастықты ілгерілетудегі Хатшылықтың маңызды рөлін атап өтті және оның халықаралық беделін жоғарылатуын қолдады.
Қазақстанның ШЫҰ-дағы алдағы төрағалығының негізгі басымдықтарын бірлесіп ілгерілету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді, оның ішінде Ұйымның халықаралық байланыстарын кеңейту және оның қызметін одан әрі жетілдіру салаларында да.