Мұрат Нұртілеу премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болды

Мұрат Нұртілеу премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 11:56 Сурет: akorda.kz
Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарлама Ақордада жарияланды.

"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.


Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • 1998-1999 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
  • 1999-2003 жылдары – ҚР Малайзиядағы атташесі.
  • 2003-2004 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
  • 2004-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
  • 2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
  • 2007 жылы – ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
  • 2007-2011 жылдары – ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
  • 2011 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
  • 2011 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
  • 2011-2014 жылдары – ҚР Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
  • 2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
  • 2016-2019 жылдары – ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
  • 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі.
  • 2021-2022 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
  • 2022 жылғы қаңтар – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: