Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында 400 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр

Түркістан облысында 400 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 17:46 Сурет: freepik
Түркістан облысында 400 мыңнан астам адам жер учаскесін алу үшін кезекте тұр. Бірақ оның жыл-житын түрі жоқ.

Кейбір тұрғындар, тіпті 10 жылдан астам уақыт, өз кезегін күтуде. Бұл, депутат Ұлас-бек Сәді-бековтің мәжіліс отырысында көтерген мәселесі.

Оның айтуынша, проблеманың негізгі себебі жергілікті әкімдіктерде. Жауаптылар қолда бар ресурстарды пайдалануға қауқарсыз, деп жазады Хабар 24 телеарнасы. 

Ал халық саны болса, артып келеді. Бүгінде аймақта 2 миллионнан астам азамат тұрады. Мәжілісмен, Үкіметтен мұндай түйіткілді мәселеге назар аударуды сұрады.


"Ауылдық жерлердегі халыққа тұрғын үй салу үшін жер телімдерін үйлестіру кезек күттірмейтін мәселеге айналған. Мысалы, Түркістан облысында тұрғын үй салу үшін жер кезегінде 408 мыңнан астам адам кезекте тұр, ал мен сайланған Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау қаласында жер кезегінде тұрған халық саны – 155 мыңнан астам. Кейінгі 10 жылда кезекте тұрғандардың 2-3% ғана жер алған. Кейбір азаматтардың кезекте тұрғандарына 15 жыл уақыт болған." Ұласбек Сәдібеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: