Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда балалар үйлері қашан жабылуы мүмкін

Балалар үйі, ҚР премьер-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 16:10 Сурет: akorda.kz
Бейсенбі, 1 маусымда, Астанада Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы осында тұратын балалармен тілдесіп, олардың тұрмысы мен оқу жағдаймен танысты. Премьер-министрге оқу кабинеттері, ойын алаңы, жатын бөлмелер мен асхана көрсетілді, сондай-ақ балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар және оларды мектептен кейінгі қолдау шаралары туралы айтылды.

Балалар үйі, ҚР премьер-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 16:10

Сурет: primeminister.kz

"Біз әр баланың отбасында тәрбиеленгенін қалаймыз. Сондықтан жыл соңына дейін кәсіби асырап алушы отбасылар институтын енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданатын болады. Біз барлық бала отбасында тәрбиеленуі керек деген мақсат қойып отырмыз. Сол кезде балалар үйлерінің қажеті де болмай қалады", — деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов орталық тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
"Бұл – біз үшін ерекше мереке, өйткені балалар – біздің болашағымыз! Балалардың дені сау, ақылды және табысты болып ержетіп, сапалы білім алғанын қалаймыз. Ал мемлекет бұл үшін барлық қажетті жағдайды жасауды жалғастырмақ", — деді премьер-министр. 
Балалар үйі, ҚР премьер-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 16:10

Сурет: primeminister.kz

Үкімет басшысы ел Президенті жетім балаларды әлеуметтік қорғау және оларды отбасында тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Соңғы 10 жылда республикадағы балалар үйлерінің саны 41%-ға, ал ондағы балалар саны 65%-ға төмендеді. Бүгінгі таңда елде 3 700-ге жуық бала тұратын осындай 116 мекеме бар.

9-сынып оқушысы Надежда Малахова Премьер-министрге орталық тәрбиеленушілері салған суретті сыйлады. 

Балалар үйі, ҚР премьер-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 16:10

Сурет: primeminister.kz

Ал балаларға тәтті сыйлықтар, велосипедтер мен самокаттар тарту етілді.

Балалар үйі, ҚР премьер-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 16:10

Сурет: primeminister.kz

Әлихан Смайылов орталықта тәрбиеші болып жұмыс істейтін мекеме түлектері Гүлзат Газеева және Мария Захаровамен, сондай-ақ Қазақстанның балалар үйлері түлектері қауымдастығының басшысы Рафаэль Гасанов және орталық директоры Бибігүл Такисовамен әңгімелесті.

Үкімет басшысы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Атап айтқанда, оларды баспанамен қамту және білім беру шаралары туралы сөз қозғады.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде осы санаттағы балалардың бірінші кезекте үй алуға құқығы бар. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе әкімдіктердің жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған үйлердің кемінде 20%-ы заңды түрде осындай санаттағы балаларға бөлінеді.

"Биыл республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражаттың кем дегенде 20%-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Сонымен қатар әр өңірде бюджеттен тыс және демеушілер қолдауы есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген осы санаттағы балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспарлар бар", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-министр әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін оқуға квота көзделгенін атап өтті, бүгінде ол бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының 1%-ын құрайды. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жеткілікті көлем, алайда Үкімет қажет болған жағдайда оның мөлшерін қайта қарауға дайын.

Әңгіме барысында орталық директоры Бибігүл Такисова Премьер-министрге мекеме аумағында спорт алаңын салуға жәрдемдесу туралы өтініш айтты. Әлихан Смайылов қала әкімі Жеңіс Қасымбекке осы мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: