Алматыда әлеуметтік көмек пункті салынып жатыр

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 20:31 pixabay
Аталған мекеменің басты міндеті – қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға төсек-орын беру ғана емес, ортаға бейімдеу және қалыпты өмірге қайтару.

Алатау ауданындағы «Томирис» шағынауданында белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыйымдылығы – 143 төсек-орын, жалпы ауданы – 4,5 мың шаршы метр.

Пункттің құрылысы белгілі бір тұрғылықты жері, кәсібі және өмір сүру қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және Алматы қаласының қоғамдық тәртібін нығайту мақсатында қолға алынған.

Аталған мекеменің басты міндеті – қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға төсек-орын беру ғана емес, ортаға бейімдеу және қалыпты өмірге қайтару. Қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: