"Күн суытып, қар жауады": Еліміз бойынша 6 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қар, жаңбыр, ауа райы болжамы, Қазақстан, 6 қараша, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 18:30 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алдағы жұма, 2026 жылғы 6 қарашада Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады. "Қазгидромет" РМК мамандарының болжамы бойынша, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады, сондай-ақ түнде 7 градусқа дейін суық болып, үсік жүреді деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер түнде республикамыздың екі өңірінде суық болып (-1...-7°С), үсік жүретінін нақтылайды:

  • Алматы облысында,
  • Жетісу облысында.
"Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс өңірлеріне ойысып жеткен солтүстік циклонның ойпаңы әсерінен жауын-шашын, жекелеген аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Антициклонның әсерінен тек еліміздің солтүстік-шығысы мен шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, түнде және таңертең тұманның түсуі жатқызылады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, болжамға сәйкес, бірқатар өңірлерде әлі де жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Маңғыстау, Алматы облыстарында, Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 6-8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: