"Қар жауып, қатты жауын-шашын болады". Еліміз бойынша 3 қазанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
Қазақстанда ертең, 2026 жылғы 3 қазанда қатты жауын-шашын, дауыл, көктайғақ болып, тұман түседі деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған болжамда айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің нақтылауынша, жауын-шашынсыз ауа райы тек республикамыздың оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында ғана сақталады.
"Циклон және атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы сипатын анықтайды. Оған сәйкес, еліміздің орталығында нөсер жаңбыр жауса, оңтүстікте найзағай ойнайды, батыста, солтүстік-батыста, түнде шығыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады, солтүстік-батыста көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен қатар, метеорологтардың мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының шығысында;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ұлытау облысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 3-5 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript