Қар жауып, қатты жел тұрады. "Қазгидромет" 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қар, ауа райы болжамы, 29 қазан, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 18:18 Сурет: freepik
Қазақстанда алдағы сәрсенбіде, 2025 жылы 29 қазанда жауын-шашын, кей жерде қатты жауын-шашын, сондай-ақ тұман болып, жел екпін алады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, антициклон әсерінен Қазақстанның тек солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Қазақстанның қалған аумағында солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалымен жаңбыр жауады, батыста нөсер жаңбыр құяды, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпінді жел тұрады деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Республикамыздың бірқатар өңірлерінде:

  • өрт қаупі жоғары - Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Жамбыл өңірінің орталығында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында , Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде,
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде және Ұлытау облысында.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 28-30 қазан аралығында Қазақстанның ірі қалалары, яғни Астанада, Алматыда және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: