Қар, дауыл және нөсер: Астана, Алматы мен Шымкентте 3–5 қазанда ауа райы қандай болады

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 16:08 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2026 жылғы 3, 4 және 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

3 қазан: Күн ала бұлтты болады, күн соңында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°С, күндіз +19...+21°С болады.

4 қазан: Күн ала бұлтты болады. Түнде жаңбыр, күн соңында жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +8...+10°С болып, одан әрі төмендейді.

5 қазан: Күн бұлтты болады, жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Ауа температурасы түнде 0...+2°С, күндіз +3...+5°С болады.

Алматы

3 қазан: Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°С, күндіз +22...+24°С болады.

4 қазан: Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +25...+27°С болады.

5 қазан: Күн ала бұлтты болады, жаңбыр жауады. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +12...+14°С болады.

Шымкент

3 қазан: Күн ала бұлтты болады. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +27...+29°С болады.

4 қазан: Күн ала бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +15...+17°С болады.

5 қазан: Күн ала бұлтты болады, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +13...+15°С болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: