Нөсер жауын мен көктайғақ: желтоқсанның басында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтіледі
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 2-4 желтоқсанға Астана, Алматы және Шымкент бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана бойынша ауа райы болжамы
- 2 желтоқсан: айнымалы бұлт, күндіз аздаған жаңбыр аралас қар жауады. Тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -1-3°C, күндіз 0+2°C.
- 3 желтоқсан: ауыспалы бұлт, түнде қар, күндіз жаңбыр аралас қар. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні – 9-14 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз 0+2°C.
- 4 желтоқсан: бұлтты, кейде қар жауады, боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с дейінгі екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4°C, күндіз 0-2°C.
Алматы бойынша ауа райы болжамы
- 2 желтоқсан: айнымалы бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде-1-3°C, күндіз +7+9°C.
- 3 желтоқсан: айнымалы бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. дейінгі екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз + 9 + 11°C.
- 4 желтоқсан: айнымалы бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0°C, күндіз +10+12°C шамасында.
Шымкент бойынша ауа райы болжамы
- 2 желтоқсан: айнымалы бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. дейінгі жел соғады. Ауа температурасы түнде-3-5°C, күндіз + 11+13°C.
- 3 желтоқсан: айнымалы бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз + 11+13°C шамасында.
- 4 желтоқсан: айнымалы бұлт, аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы + 2 + 4°C, күндіз + 8 + 10°C-қа дейінгі жылу күтіледі.
Бұған дейін 1 желтоқсандағы сауда қорытындысын ұсынған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript