Сәуірдің басында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Астана
31 наурызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні түнде секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 2-4 жылы.
1 сәуірде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 9-14 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 5-7 жылы.
2 сәуірде күн райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр күші бар жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 8-10 жылы.
Алматы
31 наурызда көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан күші секундына 3-8 метр болатын жел соғады, күндіз жел екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 жылы.
1-2 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
Шымкент
31 наурызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы.
1 сәуір ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 18-20 жылы.
2 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 18-20 жылы.