31 қаңтарда және ақпанның алғашқы күндерінде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Метель, снег, снегопад, зима, ветер, Астана зимой, холод, мороз, заморозки , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 15:53 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 2025 жылғы 31 қаңтарға, 1 және 2 ақпанға Астана, Алматы және Шымкент қалаларына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының ауа райы болжамы

31 қаңтар: құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -13-15°С.

1 ақпан: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -23-25°С, күндіз -3-5°С.

2 ақпанда: құбылмалы бұлтты, түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Батыстан соғатын жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз -1-3°С.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

31 қаңтар: құбылмалы бұлтты, өткінші қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз -2-4°С.

1 ақпан: құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -2-4°С.

2 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -3-5°С.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

31 қаңтар: құбылмалы бұлтты, түнде қар жауып, көктайғақ болады. Кейде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз -1°C +1°C.

1 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз 0+2°C.

2 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз +3+5°C.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: